ҚАЗЫҒҰРТ: ІШКІ ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес Қазығұрт ауданы әкімдігіне бағынысты жергілікті атқарушы органдарда 2025 жылдың 21 сәуір және 4 маусым аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Осы ретте, бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы Иматов Қанаттың төрағалығымен жүргізіліп жатқан ішкі талдау нәтижесін талқылау өтті. Жиынға ауданның дербес бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болуы мүмкін салалар мен тиісті құжаттарға тоқталып, тәуекелдердің алдын алу шараларын қабылдау жөнінде тапсырма берілді.
Сонымен қатар, талқылау барысында көтерілген мәселелер бойынша қажетті зерделеу жұмыстарын алдағы уақытта жалғастырады. Оған қоса,тиісті жұмыстарды күнделікті және тұрақты түрде жүргізу қажет екені ескертілді.
Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі