2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Қазығұрт аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарыңың орнына сайлау қорытындылары туралы
хабарлама
2024 жылғы 8 желтоқсанда №2, №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Қазығұрт аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауы өтті.
№2 сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3526 азамат енгізілді. Дауыс беруге -1477 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 25 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
№2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазығұрт аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Улан Жаппарович Жорабековке сайлаушылардың 93 дауысы берілді;
Бауыржан Есиркепович Сламбаевқа сайлаушылардың 85 дауысы берілді;
Меиржан Азаншиевич Шаржановқа сайлаушылардың 1291 дауысы берілді;
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 5.
№11 сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4108 азамат енгізілді. Дауыс беруге 1775 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 10 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
№11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазығұрт аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Абзал Маратович Ибраимовқа сайлаушылардың 1533 дауысы берілді;
Еркеғалы Кудайбергенұлы Түймебайға сайлаушылардың 128 дауысы берілді;
Ералы Ерданұлы Төреханға сайлаушылардың 108 дауысы берілді;
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 4.
Сайлау қорытындысымен №2, №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаттары болып:
№2 сайлау округі бойынша – Шаржанов Меиржан Азаншиевич, 1981 жылы туған, ЖК «Меиржан» директоры, Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылының тұрғыны сайланды;
№11 сайлау округі бойынша – Ибраимов Абзал Маратович, 1989 жылы туған, ЖШС "Тұлпар техникалық орталығы" директоры, Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылының тұрғыны сайланды.
Қазығұрт ауданының аумақтық сайлау комиссиясы