Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ШЕШІМІ №13, 5 маусым 2024 жыл

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ШЕШІМІ

№13                                                                                           5 маусым 2024 жыл

Қазығұртауданы Сабыр Рақымов

ауылдық округі әкімінің сайлауын

 тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1- бабына сәйкес, Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Заңда белгіленген ауылдық округ әкімі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Қазығұрт ауданы Сабыр Рақымов ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылдың 14 шілдесіне тағайындалсын.
  2. 2024 жылдың 14 шілдесіне тағайындалған Сабыр Рақымов ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. 3. Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпараттар кұралдарында және Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.        

Қазығұрт аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                           Р.Бобетов

Қазығұрт аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                           Б.Дөненбай

Дата публикации
05 июня 2024