Қазығұрт ауданы Сарапхана ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

№6                                                                                           30 қыркүйек 2026 жыл

 

 

Қазығұрт ауданы Сарапхана ауылдық

округі әкімінің сайлауын тағайындау

туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1- бабының 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес, Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ауылдық округ әкімі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Қазығұрт ауданы Сарапхана ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылдың 8 қарашаға тағайындалсын.
  2. Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2026 жылғы 1 қазаннан басталсын.
  3. 2026 жылдың 8 қараша тағайындалған Сарапхана ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  4. 4. Осы қаулы аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Қазығұрт тынысы» газетінде жариялансын.

 

        

Төраға                                                                                        Р. Бобетов

 

 

Хатшы                                                                                        Б. Дөненбай

 

Дата публикации
30 сентября 2026