Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Қаулысы
№4 22 сәуір 2026 жыл
Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылы
округі әкімінің сайлауын тағайындау
туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1- бабының 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес, Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ауыл округ әкімі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылы округі әкімінің сайлауы 2026 жылдың 31 мамырына тағайындалсын.
- Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2026 жылғы 23 сәуірінен басталсын.
- 2026 жылдың 31 мамырына тағайындалған Алтынтөбе ауылы округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- 4. Осы қаулы аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Қазығұрт тынысы» газетінде жариялансын.
Төраға Р. Бобетов
Хатшы Б. Дөненбай