
Конкурсты ұйымдастырушы: «Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ;
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, ғимарат 18
Пошталық мекенжайы: 161200, Түркістан қ., Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше;
Электрондық пошта мекенжайы: dkbuko@mail.ru;
Байланыс телефоны: 8 (725-33) 5-97-79;
Конкурс нысанасы: 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орны: субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (kezekte.kz) https://dkb.kezekte.kz/kz/dkb-info/help
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2023 ж. «13» қарашасынан бастап 2023 ж. «17» қарашасы аралығында, жұмыс күндері сағат 09:00-ден
19:00-ге дейін (жергілікті уақытпен).
Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2023 ж. «13» қарашасы сағат 09:00 (жергілікті уақытпен);
Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2023 ж. «17» қарашасы сағат 19-00 (жергілікті уақытпен);
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik/documents/details/547208?lang=kk сайтында танысуға болады.