
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл сайын әрбір өңірде бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында «бірыңғай есеп беру күні» іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараға, Облыс әкімдігі, Прокуратура, Экономикалық тергеп тексеру органдарының басшылық құрамы мен Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар және қаржылық ұйым басшылары, 200 ден аса бизнес өкілдері қатысты.
«Кездесудің негізгі мақсаты - билік пен бизнестің арасында сындарлы диалогты арттыру. Бизнес өкілдерімен бірге өңірдегі бизнес климатты және инвестициялық ахуалды талқылау.
«Шағын және орта бизнес кез-келген ел экономикасының негізгі драйвері. Түркістан облысы кәсіпкерлікке бейімделген, бизнес өкілдері көп шоғырланған өңір болып табылады.
Бүгінгі таңға, 216 мыңға жуық шағын және орта бизнес қызмет етеді, саны бойынша Астана және Алматы қалаларынан кейін 3 орында.
Сонымен қатар, әкімдік бизнес климатты жақсарту бойынша да бірқатар жүйелі қолдауларды іске асыруда.
Облысымызда соңғы бір жылдың ішінде 11 индустриалды аймақ құрылып, қазіргі таңда индустриалды аймақтардың саны 20 ға жетті (2 397,3 га).
Сондай – ақ, өнеркәсіптік алаңы 1 214 гектардан тұратын «Тұран» арнайы экономикалық аймағы бар. Экономикалық аймақта жұмыс жасаймын деген кәсіпкерлер табыс, кеден, жер және мүлік салықтарынан босатылады.
Бұл аймақтардан бөлек, Өндірістік парк жобасы жүзеге асуда. Өндірістік парк жобасы – кәсіпкерлер үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген дайын өндірістік ғимаратты жеңілдетілген шарттармен ұсынуды көздейді. Өндірістік парк аумағында 40 өндірістік ғимараттар салынуда. Өндірістік парктің 1-кезеңі аяқталып, 30,7 млрд. теңгеге 10 жоба іске қосылған.
Өндірістік парктің 2 және 3 кезеңдері (29 ғимарат) бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, 70 млрд. теңгеге инвестициялық жобаларды орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Одан бөлек, Сауран ауданында 71 гектар жерде
жеке кәсіпкерлердің есебінен кәсіпті жүргізуге арналған
148 өндірістік ғимарат құрылуда.
Қазіргі таңда, осы тәжірибие аясында барлық аудан және қала аумағында шағын өндірістік парктерді құру жұмыстары жүргізілуде.
Облыс прокуратурасының прокуроры Б.Жұмағалиев «Кәсіпкерлікті қорғау - прокуратураның қадағалау қызметінің басым бағыты» екендігін атап өтіп, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөнінде атқарылған жұмыстарды баяндап өтті.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Н.Мырзахметов бизнесті және инвестицияны қолдау бойынша атқарылған жұмыстарды саралап, инвестициялық мүмкіндіктер туралы кеңінен презентация жасады.
Сонымен қатар, Полиция департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бизнесті қолдау және қорғау жөнінде баяндамалар жасап, өзекті мәселелерді ортаға салды.
Басқосуда бизнес өкілдері өзекті мәселелерді ортаға салып, қордаланған мәселелерді шешу бойынша облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдарымен бірлескен хаттама түзілді.
Жиын соңында, осындай форматтағы кездесулерді тұрақты өткізу келісілді.