Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Конкурсты ұйымдастырушы: «Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ;

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, ғимарат 20

Пошталық мекенжайы: 161200, Түркістан қ. Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше

Электрондық портал арқылы : https://kezekte.kz/

Байланыс телефоны: 8 (725-33) 5-97-78; 5-93-65;

Конкурс нысанасы: Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурс өтетін орыны: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, ғимарат 20, Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының  мәжіліс залы

 

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2025 ж. «29» қыркүйектен  бастап 2025 ж. «3» қазан аралығында, жұмыс  күндері сағат 10:00-ден
17:00-ге дейін (жергілікті уақытпен).

Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2025 ж. «29» қыркүйектен сағат 10:00 (жергілікті уақытпен);

Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2025 ж. «3» қазан  сағат 17-00 (жергілікті уақытпен);

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik?lang=kk  сайтында танысуға болады