Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың тікелей тапсырмасымен, Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін жаңа жобаларды іске асыру бағытында маңызды қадам жасалуда. Осы негізде Иассы ауылдық округінде ірі кондитерлік цехтардың басын біріктіретін жаңа өндірістік кластер - «ДәмОрда» құрылысы басталады. Бұл жоба аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен қолға алынып, өңірдің экономикалық дамуына серпін бермек.

– «ДәмОрда – Сауранның ғана емес, бүкіл Түркістан облысының тағам өндірісіндегі жаңа брендіне айналады. Бұл бастама кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы нақты қадам», – деп атап өтті. Жоба толық іске қосылған соң, Иассы ауылдық округі өңірлік тағам өнеркәсібінің маңызды орталығы болып қалыптасады. «ДәмОрда» бренді – сапалы ұлттық өнімнің жаңа символына айналады, - деді аудан басшысы.

«ДәмОрда» құрамына бірнеше ірі кондитерлік және тағам өндірісімен айналысатын кәсіпорындар біріктірілмек:
• ЖК «Алымжан» (Мухиддиов Алымжан) – кәмпит, қант, тәтті тоқаштар өндірісі. 35 жұмыс орны, жоба құны – 250,0 млн теңге.
• ЖК «Шүкіржан» (Тажиметов Шүкіржан Бахтиярұлы) – кондитерлік өнімдер. 20 жұмыс орны, жоба құны – 170,0 млн теңге.
• «Айжамал Тәттілері» ЖШС (Бауыржан Жанбуршин) – кондитерлік өнімдер. 60 жұмыс орны, жоба құны – 450,0 млн теңге.
• «Грин Сервис» ЖШС (Тәуекелов Еркебұлан) – кондитерлік өнімдер. 20 жұмыс орны, жоба құны – 450,0 млн теңге.
• «Әл Береке» АШӨК (Рускулов Аброр Абдураймович) – нан өнімдері. 30 жұмыс орны, жоба құны – 300,0 млн теңге.
• ЖК «Сұлтанбай» (Боханов Сұлтанбай Серикбаевич) – кептірілген ет өнімдері. 30 жұмыс орны, жоба құны – 300,0 млн теңге.
• ЖК «Бек» (Бекдилдаев Акжан) – консервіленген көкөніс өнімдері. 100 жұмыс орны, жоба құны – 400,0 млн теңге.