|
№ |
Меморган |
Жиі қойылатын сұрақ |
Қысқаша жауап |
Толық жауап |
НҚА-ға сілтеме |
Кілт сөздер және хештегтер |
|
1 |
«Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ |
Кәсіпкерлік бастаманы қолдау, жұмыс істеп тұрған кәсіпті қолдау және кеңейту үшін қандай мемлекеттік жеңілдетілген қаржылай қолдау бағдарламалары бар? |
Қолданыстағы мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары шеңберінде келесідей қолдау түрлері көзделген: - кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және инфрақұрылымдық қолдау; - жеңілдетілген несие; - мемлекеттік гранттар беру.
|
Кәсіпкерлік бастаманы қолдау, жұмыс істеп тұрған кәсіпті қолдау және кеңейтуді қаржылай қолдау мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы» №1176 қаулысына сәйкес шағын бизнес субъектілерінің жобаларына кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және инфрақұрылымдық қолдаулар көрсетіледі.
Анықтама: - несие сомасы 200 млн. тг. дейін; - кәсіпкерлер төлейтін мөлшерлеме 13,2%-ды құрайды; - субсидия мерзімі 3 (үш) жылға дейін.
Сонымен қатар, өткен жылдың шілде айынан кәсіпкерлер үшін «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды. Кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген несиелер 7 млрд. теңгеге дейін, 12,6%-бен 10 жыл мерзімге дейін беріледі. Бұл Бағдарламада пайыздық мөлшерлемені субсидиялау көзделмеген, тікелей жеңілдетілген несие ретінде ұсынылады. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» № 754 қаулысына сәйкес «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары» (Сілтеме: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ P2400000754#z2383) бекітілген. Қағидаға сәйкес, Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік грант беруге арналған конкурстық іріктеуге қатыса алады. Аталған мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалану тәртібін толық түсіндіру, қажетті құжаттарды рәсімдеу, бизнес жоспар әзірлеу, бизнес жоспарды қаржыландыру деңгейіне дейін сүйемелдеу мақсатында «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» мекемесі (әрі қарай - Мекеме) кәсіпкерлерге ақысыз негізде қызмет көрсетеді. Мекеменің барлық аудан және қала аумағында филиалдары бар. |
«Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 754 қаулысы |
Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, инфрақұрылымдық қолдау, жеңілдетілген несие, мемлекеттік грант |
|
2 |
«Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ |
Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін қалай алуға болады. |
Облыстық дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды |
Облыстық дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін Басқарма тарапынан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 бұйрығына (әрі қарай - Қағида) сәйкес тоқсан сайын арнаулы комиссияның отырыстары ұйымдастырылады. Қағидада, кәсіпкерлердің қоғамның әлеуметтік осал топ азаматтарына атқаратын қызметтерін 4 санатқа қарастырып өткен. Атап айтсақ: - қызметкерлерінің 50% әлеуметтік осал топ азаматтарынан болған кәсіпкерлік нысан; - әлеуметтік осал топ азаматтары өндіретін тауарларды, орындайтын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді өткізуге ықпал ететін кәсіпкерлік нысан; - әлеуметтік осал топ азаматтарына тең мүмкіндіктер жасау мақсатында арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік нысан; - ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтер және қоғамда басқа да мәдени-ағартушылық, сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау сынды қызметтерді жүзеге асыратын кәсіпкерлік нысандар. |
«Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы |
Әлеуметтік кәсіпкер |