Конкурсты ұйымдастырушы: «Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ;
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Кентау тасжолы, №2 ғимарат («Версаль» бизнес-кешені);
Пошталық мекенжайы: 161200, Түркістан қ., Кентау тасжолы, №2 ғимарат;
Электрондық поштасы: dkbuko@mail.ru;
Байланыс телефоны: 8 (725-33) 5-97-78; 5-93-65;
Конкурс нысанасы: «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін орын: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Кентау тасжолы, №2 ғимарат («Версаль» бизнес-кешені);
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға жеке өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады (толық құжаттар топтамасымен www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik-sauda танысуға болады).
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2020 ж. «5» тамызынан бастап 2020 ж. «21» тамызы аралығында, жұмыс күндері сағат 10:00-ден
17:00-ге дейін (жергілікті уақытпен).
Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2020 ж. «5» тамызы сағат 10:00 (жергілікті уақытпен);
Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2020 ж. «21» тамызы сағат 17-00 (жергілікті уақытпен);
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik-sauda сайтында танысуға болады.