2022 жылдың 29 қыркүйегі - Бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында бірыңғай есеп беру күні.

2022 жылдың 29 қыркүйегі - Бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында бірыңғай есеп беру күні.

Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы іс-қимылды жақсарту мақсатында бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелерін талқылау және олар бойынша сындарлы шешімдер әзірлеу, қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптары бұзушылықтарының жүйелі профилактикасын дамыту бойынша Бірыңғай есеп беру күні өткізіледі.

Аталған іс-шараға аумақтық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, прокуратура, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті, мемлекеттік кірістер, білім саласындағы бақылау, төтенше жағдайлар, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау,  атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау, техникалық реттеу және метрология, әділет, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, ішкі мемлекеттік аудит, экология, геология және табиғи ресурстар, полиция департаменттері, Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы, жер инспекциясы, еңбек инспекциясы жөніндегі басқармалары, Агроөнеркәсіптік кешендегі облыстық аумақтық инспекция, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы және басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатысады.         

Өңіріміздің барша кәсіпкерлерін аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Өтетін орыны және күні: 2022 жылдың 29 қыркүйегі сағат 17:00, Түркістан қаласы, Қожанов көшесі №42, «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ғимараты