«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Конкурсты ұйымдастырушы: «Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ;

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, ғимарат 18

Пошталық мекенжайы: 161200, Түркістан қ., Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше

Электрондық поштасы: dkbuko@mail.ru;

Байланыс телефоны: 8 (725-33) 5-97-78; 5-93-65;

Конкурс нысанасы: «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін орын: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, ғимарат 18

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта арқылы, электрондық нысанда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады. (толық құжаттар топтамасымен www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik-sauda танысуға болады).

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2021 ж. «24» маусымынан бастап 2021 ж. «5» шілдесі аралығында, жұмыс  күндері сағат 10:00-ден
17:00-ге дейін (жергілікті уақытпен).

Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2021 ж. «24» маусымы сағат 10:00 (жергілікті уақытпен);

Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2021 ж. «5» шілдесі  сағат 17-00 (жергілікті уақытпен);

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik-sauda сайтында танысуға болады.