АДАЛ БАСШЫ - ПАРАСАТТЫ ҚЫЗМЕТКЕР

АДАЛ БАСШЫ - ПАРАСАТТЫ ҚЫЗМЕТКЕР
Бүгін Түркістан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штаб жетекшісі Ерұлан Тұңғышбаев облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасында ұйымдастырылған семинарға қатысты.
🔵Жемқорлық көріністеріне жол бермеуді мақсат еткен жиынның баяндамасы мен арнайы әзірленген бейнероликке басқарма қызметкерлері куә болды.
📌️Кездесудің негізгі мақсаты - ұжым арасында сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтарды болдырмау және алдын алу арқылы елде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, заңға енгізілген жаңа нормаларды түсіндіру.
⚖Ерұлан Икрамұлы мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын, әрбір мемлекеттік қызметші немесе басшы болсын қызметке келгенде өзіне үлкен жауапкершілік жүктелетінін ата өтіп, өзгерістерді өздерінен бастап, халыққа адал қызмет көрсетулерін назарға алды.
📗Оқыту семинарында Е.Тұңғышбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде және қызмет бабын пайдаланып сыйлық алып, бергендерге жаза бар екенін жан-жақты түсіндіріп өтті.
📊Сондай-ақ, Агенттік тарапынан жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар мен Департамент тарапынан жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталып, әлеуметтік дертпен күрес жүргізуді әрбәр қызметкер өзінен бастау керектігін айтып, қызметшілерді әдепті және қарапайым болуға шақырды.