Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасында ағымдағы жылдың 31 наурыз – 16 мамыр аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, 2023 жылдың 3 мамыр аралығында облыс әкімдігі басқармалар үйінің, Е-блок 2 қабаты мәжіліс залында өтетін ішкі талдау жұмыстарының қорытындысын талқылау жиынына шақырамыз.
Байланыс: 8(72533) 5-95-61
Эл.почта: n.zhunussov@ontustik.gov.kz