Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұловтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекіткен кестесіне сәйкес, облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасында ағымдағы жылдың 31 наурызынан бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!

Ішкі талдау жұмыстары 31 наурыз – 16 мамыр аралығында жүргізіледі.

Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.

Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.

Байланыс: 5-95-61

Эл.почта: n.zhunussov@ontustik.gov.kz