«КИЕЛІ МЕКЕН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

«КИЕЛІ МЕКЕН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Түркістан қаласында «Киелі мекен» атты экологиялық тазалық акциясы өтті.
Іс-шара аясында қала аумағындағы мешіттер мен мазарлар маңын санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Бұл бастама – қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттыру, киелі орындардың тазалығын сақтап, рухани құндылықтарды құрметтеуге бағытталған.
Тазалық – баршаға ортақ!