Түркістан қаласы әкімдігі мен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның Тұрақтандыру қорының ұйымдастыруымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында арнайы «Сиыр еті» жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізілуде.
Жәрмеңке әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері өтеді.
✅ Сиыр етінің бағасы – 2500 теңге/кг
(Нарықтағы орташа бағасы: 3200-3500 теңге/кг)
📍 Әлеуметтік ет өнімдері Түркістан облысының аудан-қалаларынан жеткізіліп, әр адамға 5 кг-ға дейін сатылымға беріледі.
Бұл шара қала тұрғындарын қолжетімді бағамен сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған.