СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ: «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» КОНЦЕПЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ: «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» КОНЦЕПЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Қала жастары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдағы тәртіптің маңыздылығын түсіндіру мақсатында студенттермен кездесу өтті.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері «Заң мен тәртіп» концепциясының негізгі қағидаларын талқылап, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, студенттерге құқық бұзушылықтың салдары мен жауапкершілік туралы ақпарат беріліп, заңды сақтау әрбір азаматтың міндеті екендігі ескертілді.

Мұндай шаралар жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Құқықтық тәрбие – жарқын болашақ кепілі!