Бүгін, 29 қараша сағат 10:00-11:00 және 15:00-16:00 аралығында электр жарығы уақытша сөндіріледі.
Бұл шара ПС-ШОЙ фидерінің Л-4 желісінде ескі бағаналар мен трансформаторды ауыстыру жұмыстарына байланысты жүргізіледі.
Электр энергиясы өшірілетін көшелер: Б.Саттарханов, Қ.Рыскұлбеков, Гаухар ана, Жібек жолы, Отырар, Қойлық, Яссы, Ш.Қалдаяқов көшелері және №23 мектеп аумағы.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз!