ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Адам – табиғаттың төл перзенті. Халқымыз көктем келісімен ауласын тазалап, үйінің айналасына гүл, жасыл желектер егіп, су ағатын арықтардың көзін ашқан.
Бүгінде Президентіміздің "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы берекесімен бастау алып, ауқымын кеңейте түсуде. Осыған сәйкес, бүгін Түркістан қалалық Мәдениет үйі ұжымы Мемлекет басшысының аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде берген тапсырмасын қолдап, атсалысты.
Тұңғыш Президент саябағында өткен сенбілікте ағаш егіп, гүлдердің айналасын аршып, артық шөптерден тазартты.
"Атадан мал қалғанша, тал қалсын" деген ұғымды санаға түйіп, аға буын мен кейінгі ұрпақ сонау ата-бабадан жеткен еңбек дәстүрін дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын паш етті. Экологиялық акцияның үшінші аптасы аясында "Жасыл аймақ" тақырыбында өткен шарада ұжым мүшелері әсем әндерін орындап, жыр шумақтарын оқыды.