«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: «ОҢТҮСТІКФИЛЬМ» ҰЖЫМЫ ЭКОАКЦИЯҒА АТСАЛЫСТЫ

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: «ОҢТҮСТІКФИЛЬМ» ҰЖЫМЫ ЭКОАКЦИЯҒА АТСАЛЫСТЫ

Түркістан өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының үшінші аптасы аясында тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін «Жасыл аймақ» апталығы аясында «Оңтүстікфильм» мекемесі өз аумағында сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды. Ғимараттың ішкі және сыртқы бөлігіне тазалық жұмыстары жүргізілді. Мекеме аумағына ағаш отырғызып, төңіректі арамшөптен тазартты. Ағаштарды ақтап, қоқыстар шығарылды.