«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТЕАТР ҰЖЫМЫ ЭКОАКЦИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТЕАТР ҰЖЫМЫ ЭКОАКЦИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығына Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласы сазды-драма театрының қызметкерлері де белсене қатысып жатыр.
Қызметкерлер театр аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді. Арамшөптерден тазартып, ағаштарды әктеді. Сондай-ақ айналаны қоқыстардан тазартты. Күні кеше мәдениет майталманы Райымбек Сейтметов жерленген мазар айналасын ретке келтірді.
Акция барысында театр қызметкерлері Президент бастамасымен бастау алған экологиялық акцияның қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолында үлес қосуға әрқашан дайын екендігін көрсетті.