НАУРЫЗ - ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

НАУРЫЗ - ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ
Түркістанда "Наурызнама" онкүндігі жалғасуда. Шараның екінші күні - "Мейірімділік мерекесі" аталып, әлеуметтік аз қамтылған 42 отбасыға көмек көрсетілді.
Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ- түрік университетінің басшылық құрамы мен қызметкерлері жинаған қайырымдылық қорынан түркістандық отбасыға азық-түлік қоржыны таратылды.
Оқу ордасының ректоры Жанар Темірбекова: «Өздеріңіз білетіндей университетіміз құрылған күннен бастап әлеуметтік жобалармен қатар, ғылыми-білім беру жобаларын қоса атқаруда. Өз кезегімізде бізді де облыс, қала ақсақалдарының игі бастамаларын қолдауға шақырғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Наурыз бен Ораза айларындағы дәстүр болсын, осындай ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан сауапқа толы істі қуана қабыл алдық. Бір апта бұрын оқу ордамыздағы әріптестеріміздің барлығы бір ауыздан осындай қайырымды іске қолдау көрсетті. Бұл істі қасиетті айдағы шын ниетпен берілген жәрдем деп қабылдайсыздар деп сенеміз!»,- деді.