Түркістанда Түркі мемлекеттерінің туристік астанасы болуының және биылғы туристік маусымның салтанатты ашылуы өтеді. Бұл дегеніміз - облыс орталығына келуші туристер легі артады.
Қазіргі таңда қаладағы орталық көшелердің тазалығы, үйлердің қасбеттерінің әрленуі күнделікті қадағалануда. Бөлімдерге 28 көше бекітіліп, жұмыстар атқарылуда. Мыңға жуық адам қала көркін кіргізуге уақытпен санаспай жұмыс істеп келеді.
Бір айта кететіні - жеке меншік үйлерді әрлеуге бюджеттен қаржы бөлінбейді. Сондықтан, кей үйлердің қабырғалары мен қақпалары бөлімдердің демеушілігімен сырлануда.
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков аталған жұмыстардың атқарылуын бақылап, орталық көшелердегі жұмыстарды тексеріп, тапсырмаларды тиянақтады.