"АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ" ЖОБАСЫ 300-ДЕН АСА БАЛАҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН

"АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ" ЖОБАСЫ 300-ДЕН АСА БАЛАҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН
Ерекше балаларға арналған "Армандар орындалады" жобасы жалғасуда.
20-шы рет ұйымдастырылған кезекті шараға облыстық Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл, қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы, "Ырысты" қайырымдылық қорының төрайымы Ырысбала Икрамбай қатысты.
Жиында 15 баланың тілегі орындалып, сыйлықтары табысталды.
Қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы сөз алып, игі іске әрқашан қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Айта кетейік, түркістандық қоғам белсендісі Әсел Бимырзаеваның жобасы басталғалы 364 ерекше қажеттілігі бар балаға қуаныш сыйлап үлгерді. Облыс орталығында бастау алған бастама бүгінде Шымкент, Кентау қалалары мен Сауран ауданында ұйымдастырылды.