МЕКТЕП ФОРМАСЫ МЕН ОҚУ-ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ЖАЛҒАСУДА

МЕКТЕП ФОРМАСЫ МЕН ОҚУ-ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ЖАЛҒАСУДА
Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен мектеп формасы мен оқу-құралдарының жәрмеңкесі бүгін де жалғасты.
Эко- базарда өтіп жатқан жәрмеңкеде мектеп формасы мен оқу- құралдары нарықтан 15-20% төмен бағада сатылуда.
Атап айтқанда, мектеп формасы қыз балаға- 5000 теңгеден, ер бала формасы- 14 мыңнан сатылымға қойылса, оқу- құралдарынан қарындашты- 15 теңгеден, дәптерді- 25 теңгеден алуға болады.
Ал, аяқ киімдер бағасы 5000-7000 теңге аралығында белгіленіп, мектеп сөмкелері 2500 - 5000 теңге аралығында ұсынылуда.
Жәрмеңкеде төрт баласын киіндіруге келген қала тұрғыны Аманкүл Жанғазиева жәрмеңкенің көпбалалы отбасы мүшелерін мектепке дайындауда жеңілдік беретінін жеткізіп, шараның жүйелі ұйымдастырылуын ұсынды.
Айта кетейік, жәрмеңке 13:00-ге дейін жалғасады.