Түркістан облысыны 2027 жылға дейінгі Экономикалық даму стратегиясын дайындау аясында аудан-қалалардағы кәсіпкерлермен Фокус топтық талқылаулар (ФТТ) өткізілуде.
Бүгін аталған тақырып бойынша Түркістан қаласы әкімдігінде жиын өтті. Жиынға "Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің" мамандары мен жеке кәсіпкерлер қатысты.
ФОКУС ТОПТЫҚ ТАЛҚЫЛАУ ДЕГЕН НЕ?
Түркістан өңірінің іскерлік ахуалын зерттеу арқылы аймақ әлеуетін жақсартуға жұмыс жасау.
Осы орайда жеке кәсіп иелерінің ой-пікірін екі кезең арқылы саралау үшін арнайы сауалнама түзілді.
Бірінші кезең аясында аудан-қалалардағы барлық кәсіпкерлерді онлайн сауалнамадан өткізу.
Аталған онлайн сауалнама 30- шілдеге дейін жалғасады.
Нәтижесінде әр өңірдің іскерлік ахуалы туралы талдамалық есеп дайындалады.
Екінші кезеңде 24-28 шілде аралығы 5 елді мекенде кәсіпкерлердің қатысуымен ФТТ (фокусты топтық талқылау) өткізіледі.
Шараның мақсаты – түркістандық кәсіпкерлердің іскерлік жолы бойынша түсіндірме жұмыстарын жасау, өзара тәжірибе алмасуын қамту.
Нәтижесінде, іскерлік ахуалдың сауалнама арқылы сараптауға келмейтін қыр-сырын тереңірек түсіну.
Фокус топтық талқылауларға қандай кәсіпкерлер қатысады?
ФТТ тек 5 елді мекенде өткізу мүмкіндігіміз болғандықтан, сол елді-мекендерге көршілес аудан-қалалардың кәсіпкерлері қатысады.
ФТТ-ға қатысатын кәсіпкелердің жеке іспен айналысып жүргеніне кем дегенде 12 ай болуы шарт.
Әр аудан-қаладан 3-4 кәсіпкер қатысуы қажет:
1 жеке кәсіпкер (сауда немесе қызмет көрсетумен айналысатын ИП);
1 заңды тұлға (сауда немесе қызмет көрсетумен айналысатын ТОО, АО, ОО немесе басқа);
1-2 шаруа қожалығы (ауыл, орман немесе балық шаруашылығымен айналысатын).
ФТТ туралы қандай да бір сұрақтар болса, төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласа аласыз
координаторлар: Мұхит (8 701 979 1470), Абылайхан (8 777 577 6242).
жоба зерттеушісі Ілияс (8 706 430 7043).