"БАТЫР ДА ТУҒАН АНАДАН, АҚЫН ДА ТУҒАН АНАДАН"

"БАТЫР ДА ТУҒАН АНАДАН, АҚЫН ДА ТУҒАН АНАДАН"
Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков көпбалалы аналарға алтын және күміс алқа табыстады.
- Еліміздің демографиялық дамуында үлестеріңіз зор. Бала - сіздердің ғана емес, еліміздің басты байлығы. Тәрбиелеп отырған ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, өмірлеріңізде қуанышты сәттеріңіз көп болсын, - деп, шаһар басшысы ізгі ниетін білдірді.
Бүгінгі таңда Түркістан қаласында көпбалалы 14682 ана бар.
Ақ жаулықты аналарымыз қоғамның сан түрлі саласында елге адал қызмет етіп жүр. Жанұясының ғана емес, бүкіл Түркістан қаласының өркендеуіне үлес қосып келеді. Атап айтсақ, білім, мәдениет, медицина, жергілікті басқару, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, спорт және өзге де салаларда озат еңбегімен көзге түсіп жүрген нәзік жандар жеткілікті.
Шаһарда аталған санаттағы аналардың жайлылығы үшін жүзеге асып жатқан жобалардың да септігі мол.
Жуырда ғана ресми ашылған "Қамқорлық" жанұя орталығында үйде бала тәрбиесінде отырған, жалғызбасты көпбалалы аналарға 11 түрлі салада тегін курстар ұйымдастырылған. Одан бөлек, көпбалалы аналар қалалық "Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының"балаларын тегін спорт үйірмелеріне жаза алады.