ШАҺАРДА 10,5 ГЕКТАРҒА СОЗЫЛҒАН САЯЛЫ БАҚ САЛЫНУДА

ШАҺАРДА 10,5 ГЕКТАРҒА СОЗЫЛҒАН САЯЛЫ БАҚ САЛЫНУДА
Түркістан қаласының көгалды аумағы ұлғайып, саябақтар саны артуда.
Бұл жолғы саябақтың орналасқан жер көлемі - 10,5 гектар.
Нысанда тұрғындар жайлылығы үшін жылыжай қарастырылған. Жылыжайда 7250 дана тропикалық ағаш егілуде. Сондай-ақ, 21 түрлі 1355 түп ағаш, 1300-ге жуық бұта, 6 түрлі 1800 дана гүл отырғызылуда.
Көгалды аумағы 61 мың шаршы метрге созылған демалыс орнында балалар ойын алаңы, скейтбординг алаңы, субұрқақ орналасады.
Одан бөлек, шаһарда Қызылорда-Шымкент айналма жолы мен Қазыбек би көшесінен №32 көшеге дейінгі аумақта 17,8 гектарға созылған желілік саябақ құрылысы жүруде.