Түркістан қаласының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарын «Түркістан Жарық Тазалық» және «ШымкентСпецКомплекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жүргізуде.
Жалпы қалада аталған мекемелер тарапынан тазаланатын 787 көше бар.
Оның 136 көшесі механикалық жолмен тазаланса, 651 көшеге жұмысшы күші жұмылдырылады.
«Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС қаланың орталық көшелеріне қызмет көрсетсе, «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-гі әкімшілік іскерлік орталығы мен рухани мәдени орталық және шаһардың шеткі көшелерінің тазалығын қамтиды.
Қала тазалағын қамтамасыз ету мақсатында ортақ пайдаланылатын көшелерде, саябақтар мен аллеяларда белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтар тастаған 1771 құқық бұзушылықтар анықталып, Әкімшілік кодекстің 434-2 бабында көзделген талаптар бойынша шара көрілген.
Құрметті қала тұрғындары!
Тұрғылықты мекен- жайымыздың тазалығын қамту - баршамызға ортақ.
Тазалық мекемесімен келісім шартқа тұрып, уақытылы ақысын төлеген абзал. Тазалыққа төленген абонент ақысы есебінен, жұмысшылардың айлық жалақысы өтеледі.
Келісімшарт бойынша толық ақпаратты өздеріңіздің тұрғылықты секторыңыздан толығырақ біле аласыз.