
"Asar" еріктілері тұрмысы төмен және әлеуметтік жағдайы аз қамтылған тұрғындарға демеу болуда. Кәсіпкерлер мен жастардың бірігіп жасаған бұл игі істері төтенше жағдайда жұмыссыз отырғандар үшін де кішкене болсын қолдау.
⠀
Ерікті жастар әлеуметтік желіде, WhatsApp мессенджерінде түскен тұрғындар өтінімі бойынша үйме-үй барып, осындай күнделікті ішіп-жемге қажетті азық-түліктер таратуда. Сондай-ақ, 25000 медициналық бетперде тігіп, үлестіруде. Еріктілер мұндай істерге қол ұшын созып, қазіргі үй карантинінде отырғандардың алғысын алуда. Айта кетейік, "Асарда" бүгінде 200-ге жуық волонтер бар.