ШАРПЫҒАН ӨРТІҢ БЕТІ ҚАЙТАРЫЛДЫ

ШАРПЫҒАН ӨРТІҢ БЕТІ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласы, Т. Бокин көшесіндегі 16 пәтерлі екі қабатты үйдің шатыры кешкі сағат 18.10-да өртенгені жайлы хабар келді. 18.15-те қызметкерлер оқиға орнына жетіп, өрттің беті қайтарылды.

Рашид Абатұлы оқиға орнында жедел болып, ондағы үйлері өртенген тұрғындармен тілдесіп, әкімдік тарапынан толықтай жөнделетінін айтып, сабырға шақырды.

16 отбасының 5-і жалдамалы пәтерде тұратын болып шықты. Нәтижесінде, 56 адам жатын орын және ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, аталған пәтерлер соңғы рет  2013-2014 жылдары жөндеуден өткен.  Өрттің шығу себебі анықталуда.