
Түркістан қаласына Ордабасы ауданының "Adelia" шаруа қожалығы тарапынан 18 тонна қызанақ пен қияр артылған жүк көлігі келді.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жұмысын тоқтатып, үйінде отырған әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, құрылыс саласында демалыссыз жұмыс жасап жатқан жергілікті тұрғындарға және таң атқаннан кеш батқанға дейін қаланың таза болуына үлес қосып жүрген "Түркістан жарық тазалық" мекемесінің жұмысшыларына үлестірілетін болады.
Таза, экологиялық жағдайдағы жылыжайда өсірілген көкөністерді қала әкімдігінің қызметкерлері мен "Asar" еріктілер ұйымының жастары үйме үй тарататын болады. Бір қорапта қияр 11 келідей, қызанақ 7-10 келідей.