БИЫЛ 3856 ТҰРҒЫНДЫ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНҒАН

БИЫЛ 3856 ТҰРҒЫНДЫ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы тұрғындар саны көбейіп, жұмыс орындары қажеттілігі де артты.
Шаһарда жұмыссыздық санын азайту үшін түрлі мемлекеттік жұмыспен қамту жобалары жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмыс іздеушілер - қоғамдық жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасы бойынша жұмыс орындарына жолданады.
Одан бөлек, кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік қайтарымсыз гранттар беру бойынша тиісті жұмыстар атқарылады.
Биылғы жоспар бойынша 3856 азаматты тұрақты жұмыс орнына, 2138 тұрғынды алғашқы жұмыс орындарына жолдау көзделген.