ТҮРКІСТАНДА ТЕҢБІЛ ДОП ЧЕМПИОНЫ АНЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ТЕҢБІЛ ДОП ЧЕМПИОНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Футзалдан 3- ақпан күні басталған тұрғындар арасындағы жарыстың жеңімпазы анықталды.
Басты жүлдеге қала әкімінің арнайы кубогі ойнатылған додада 42 команда бақ сынасты.
Финалға жолдама алған екі команда «RED» пен «Жолдың асты» командалары арасында ақтық бәсеке тартысты болды. Тең дәрежеде ойын көрсеткен екі команда арасындағы жеңімпаз пенальти арқылы анықталды.
Жарыс нәтижесі бойынша:
1-орын «Жолдың асты» командасы
2-орын «RED»командасы
3-орын «Marka.kz»командасы иеленді.