Түркістан қаласы әкімі аппараты ХАБАРЛАЙДЫ

Түркістан қаласы әкімі аппараты ХАБАРЛАЙДЫ

Түркістан қаласы әкімі аппараты,  Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V  «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қаулысына  сәйкес және Түркістан қаласының Қоғамдық кеңесінің өкілеттік  мерзімі  аяқталуына  байланысты  жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу туралы конкурс өткізеді.

Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының сандық құрамы төрағаны қоспағанда 9 (тоғыз) мүше деп белгіленді. Оның ішінде,  6 (алты) мүше азаматтық қоғамнан (коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтардан)  іріктелінеді.

        Конкурсқа қатысуға ниет білдірген жеке азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

      1)  1-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша өтініш; (өтініштің электрондық нұсқасын  www.Тurakimat.gov.kz сайтынан алуға болады)

      2)  жұмыс тобының мүшесіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

      3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

       Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардың жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстарын қабылдау:  хабарландыру жарияланғаннан кейін  10 жұмыс күні мерзімінде күнделікті 9.00 мен 19.00 сағат аралығы (жұмыс күндері). Түскі үзіліс 13.00 мен 15.00 сағат аралығы.

Ескерту:  Коммерциялық емес ұйымдар және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсынуға құқылы.

Түркістан қаласы әкімі  аппаратының мекен-жайы: Түркістан қаласы, Есімхан алаңы, №3 үй,  электрондық пошта personal_turkestan@ontustik.gov.kz, құжаттарды қабылдауға жауапты Б.Қалданов, телефон 4-27-66.

                                                  

Түркістан қаласы әкімі аппараты