МЕЙІРІМ ЕТСЕҢ - МЕЙІРІМДІЛІК КӨРЕСІҢ

МЕЙІРІМ ЕТСЕҢ - МЕЙІРІМДІЛІК КӨРЕСІҢ
Облыс орталығында қайырымдылықты ту еткен - "Мейірімді жүрек" акциясы жалғасуда.
Жалғызілікті қарттар мен ерекше қажеттілігі бар балалар және әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға шара аясында азық-түліктер мен күнделікті қажетті заттар үлестірілуде.
Қалалық "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" қызметкерлері аталған санаттағы тұрғындардың үйін аралап, қажеттіліктеріне орай көмек көрсетті.
Бөлім басшысы Элмира Бейсенова өз сөзінде, "Мейірімділік – көңілге нұр құяр жарық сәуле, үміт шамшырағы. Бүгінгі акциямыз осындай азаматтардың жақсылыққа деген сенімін арттыру үшін ұйымдастырылды" деді.