ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚАЖЫМҰХАН МҰҢАЙТПАСҰЛЫ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ҚАЛА БІРІНШІЛІГІ ӨТУДЕ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚАЖЫМҰХАН МҰҢАЙТПАСҰЛЫ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ҚАЛА БІРІНШІЛІГІ ӨТУДЕ
 
Бүгін «Балуан Шолақ» спорт кешенінде күш атасы- Қажымұқан Мұңайтбасұлы құрметіне арналған қазақ күресінен Түркістан қаласының ашық біріншілігі басталды.
Боз кілемде күресетін 300 спортшы Түркістан облысының түкпір-түкпірінен жиналған. Атап айтқанда, 13-15 жас аралығындағы Шардара, Сарыағаш, Түлкібас, Бәйдібек аудандары мен Түркістан, Кентау қаласынан жиналған спортшылар.
Сайыста қазылық етуге облыстың әр аймағынан 15 төреші шақырылды.
Бүгінгі боз кілемде 18-ге жуық палуан 40-42 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Жарыс нәтижесі ертең белгілі болады.