2022 жылдың 2-6 қаңтар аралығындағы азаматтардың әлеуметтік – экономикалық талаптарды қою мақсатындағы бейбіт шеруі қылмыстық бүлікшілердің қатысуымен жаппай тәртіпсіздікке ұласты.

2022 жылдың 2-6 қаңтар аралығындағы азаматтардың   әлеуметтік – экономикалық талаптарды қою мақсатындағы бейбіт шеруі қылмыстық бүлікшілердің қатысуымен жаппай тәртіпсіздікке ұласты.
2022 жылдың 5 қаңтарында азаматтардың қауіпсіздігі мен Қазақстан Республикасының конституциялық заңдылықтарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында төтенше жағдай режимі енгізілді.
Бұл террорлық әрекеттер азаматтардың өміріне және денсаулығына, жеке азаматтар мен мемлекеттік мүліктерге зиян келтіріп, мемлекеттік тұтастыққа нұқсан келтіру және өзге де ауыр қылмыстарды жасау қаупін тудырды.
Жоғарыдағы қалыптасқан жағдайды негізге ала отырып, лаңкестікке қарсы күрес республикалық жедел штабы Қазақстан Республикасының ҰҚК төрағасы генерал - майор Е.А.Сағынбаевтың жетекшілігімен, 2022 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Республикасының аймақтарында террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейі енгізілді.
Осыған байланысты, мемлекеттік, арнайы және құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, оларға қолдау білдіруді сұранамын.
Үрейге бой алдырмай, мемлекеттік органдардың ресми ақпараттарына ғана сүйеніңіздер.
Түркістан облысындағы лаңкестікке қарсы күрес жедел штабы