COVID-19- ҒА ҚАРСЫ"PFIZER" ВАКЦИНАСЫН 2500 ТҰРҒЫН ЕКТІРДІ

COVID-19- ҒА ҚАРСЫ"PFIZER" ВАКЦИНАСЫН 2500 ТҰРҒЫН ЕКТІРДІ
💉«Covid-19» инфекциясымен күрес облыс орталығында қарқынды жүзеге асырылуда.
💉Күнделікті мобилді топтың рейдтік шаралары нәтижесінде жыл басынан бері жалпы 25146 нысан карантин талаптарының сақталуына тексеріліп, 906 хаттама толтырылды.
Ал, індетпен күрестегі вакцинациялау көрсеткішіне сәйкес, I-ші компонентті ектіргендер – 104 452 адам болса, II-ші компонентті – 96731 азамат салдырды.
💉Қазірде екпе егу нүктелерінде мамандар «Hayat Vax», «Sputnik V», "QazVac" вакциналарымен қатар, «CoronaVac» және «Pfizer» вакцинасын пайдалануда.
«Pfizer» вакцинасы - коронавирусқа қарсы вакцинаның бұл түрін 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер, жүкті әйелдер (жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін), лактация кезеңіндегі әйелдер босанғаннан кейінгі кезең аяқталған 42 күннен кейін) салдыра алады.
💉Неміс биотехнологиялық BioNTech компаниясы мен америкалық Pfizer фармацевтикалық компаниясының бірігуімен шығарылған.
💉Қазіргі таңда аталған вакцинаны қалада 2500 тұрғын ектірді.
💉Соңғы статистикаға сай, «COVID-19» диагнозымен – 34 науқас тіркелсе, пневмония диагнозымен тіркелмеген.
Жыл басынан бері 76041 адам ПТР тест тапсырып, денсаулығын тексерді.