Н. ТҰРАШБЕКОВ: "КЕМШІЛІКТЕРДІ ІЗДЕП ЖҮРІП ТҮЗЕТІҢІЗДЕР"

Н. ТҰРАШБЕКОВ: "КЕМШІЛІКТЕРДІ ІЗДЕП ЖҮРІП ТҮЗЕТІҢІЗДЕР"
✅ Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қаладағы егілген ағаштардың жағдайы мен бірқатар ғимараттың жөндеу жұмыстарын аралап көрді.
✅ Күзгі ағаш отырғызу науқаны кезінде қалада жаңадан егілген көшет саны 170 мыңнан асты. Осы ретте Нұрбол Әбдісаттарұлы жасыл желекті суғару мәселесінің жеке бақылауында болатынын ескертті.
✅ "Самал" мөлтек ауданында жылу жүйесі жаңартылған соң, канализация құдықшаларының дұрыс орнатылмауына қатысты тиісте мекемелерге ескерту жасап:
- Кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша тапсырма күтіп отырмай, мүмкіндігінше өздеріңіз анықтап жойыңыздар. Қандай жағдайда да ең алдымен елге ыңғайлы болуын қамтамасыз ету керек, - деді.