9 КӨШЕГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

9 КӨШЕГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Биыл қаламызды жарықтандыру мен автокөлік жолдарын күрделу жөндеуден өткізу бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды.
Жыл басында жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында 13,6 шақырымды құрайтын 9 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын.
Қазіргі таңда жоспар бойынша жөндеу жұмыстары жүйелі жүзеге асырылуда. 13,6 шақырымды 9 көшеде толық асфальт жабындысы төселді. Аяқжол 2,8 шақырымды құрайтын 2 көшеде жүргізілді.
Одан бөлек, Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожолынан Майкотов көшесіне дейінгі 6,5 шақырымды жолға асфальт жабындысы төселген. Сонымен қатар, Жібек жолы көшесінің 1,53 шақырымына қайта жаңғырту жүргізіліп, Яссауи көшесінен Отырар мөлтек ауданына дейінгі көшеде күрделі жөндеу жасалды.