ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР 609 АЗАМАТ ШИПАЖАЙДА ЕМ АЛДЫ

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР 609 АЗАМАТ ШИПАЖАЙДА ЕМ АЛДЫ
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР 609 АЗАМАТ ШИПАЖАЙДА ЕМ АЛДЫ
Түркістан қаласында 9011 ерекше қажеттілігі бар азамат бар.
Жыл басынан бері оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мемлекеттік қызмет алу үшін 5976 мүгедек тапсырыс берген. Оның 3502-іне техникалық құралдар жеткізіліп әлеуметтік қызметтер көрсетілген. «Инватакси» қызметіне 150 адам жүгінген.
Одан бөлек, протез-ортопедиялық құралдармен 299 азамат қамтылды. Сонымен қатар, сурдотехникалық құралдарды 161 азамат алса, тифлотехникалық құралдар 222 азаматқа, арнаулы жүріп-тұру құралдары 200 азаматқа берілген. Және I-топтағы ерекше қажеттілігі бар 558 азамат жеке көмекші қызметіне, 75 азамат ымдау тілі маманы қызметіне жүгінген.
Міндетті гигиеналық құралдармен 1378 азамат қамтылып, санаторий-курорттық емделумен 609 тұрғын қамтамасыз етілген.