Түркістан халықаралық әуежайында «Түркістан – Өскемен» рейсі ашылды, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникацилар қызметі

Түркістан халықаралық әуежайында «Түркістан – Өскемен» рейсі ашылды, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникацилар қызметі
Түркістан халықаралық әуежайында «Түркістан – Өскемен» рейсі ашылды, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникацилар қызметі. Бұл түркі әлемінің рухани орталығында іске қосылған 16-әуе бағыты. Бұған дейін іске қосылуы керек болған авиарейс Өскемен халықаралық әуежайындағы қайта құру жұмыстарына байланысты уақытша тоқтатылған болатын. Аталған әуе бағыты ашылған соң, жолаушылар легі төмен болатын «Түркістан-Семей» әуе бағыты жабылды.
Ұшу уақыттары мен билет құны туралы ақпаратты Түркістан халықаралық әуежайынан, әуекомпаниялардың ресми сайттарынан немесе aviata.kz, kaspi.kz, chocotravel.com, tickets.kz. probilet.kz тағы басқа да қосымшалардан білуге болады