"БАСТАУ БИЗНЕС" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 295 ТҰРҒЫН КӘСІПТІК БІЛІМ АЛДЫ

"БАСТАУ БИЗНЕС" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 295 ТҰРҒЫН КӘСІПТІК БІЛІМ АЛДЫ
Облыс орталығы әлеуетінің жақсаруында түрлі жобалар жүзеге асырылуда.
Көптеген шағын бизнес нысандарына қолдау көрсетіліп, жұмыс аясы жандандырылуда.
Қазіргі таңда 2021 жыл аяғына дейін аз қамтылған отбасыларын әлеуметтік қолдаудың түрлі жоспары жүйелі жүзеге асырылуда.
Жоспар бойынша шаһардағы аз қамтылған отбасының 72,5 пайызын әлеуметтік қолдау көзделген.
Осы мақсатта бүгінде аз қамтылған отбасы мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылуда.
Атап айтқанда, еңбекке қабілетті отбасы мүшесін қоғамдық, әлеуметтік,тұрақты жұмыстарға орналастыру және жастар тәжірибесіне жолдау жүргізілуде.
Одан бөлек, 2021 жылдың соңғы жеті айында қала бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға 2756 отбасы өтініш берген. Оның 2 620 отбасына 698 000,0 мың теңге төлем жасалынған.
Ал кепілдендірілген әлеуметтік топтама бойынша соңғы жеті айда 2 373 бала 40 000,4 мың теңге көлемінде алған.
Сонымен қатар, “Ел тірегі – Елбасы” акциясы аясында 2 147 отбасы және демеушілер есебінен 760 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, ерікті демеушілер есебінен 100 отбасына 50 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетілген.