ЖАС КЕЛСЕ, ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ, ІСКЕ
Жақында ғана тұсауы кесілген Түркістан қалалық жастар орталығы қызметін бастап кетті.
Бүгін қала жастары орталықта жиналып бірқатар мәселелер талқылап, жарқын жобаларды ақылдасты.
Қала басшысы орынбасары Алия Богданқызы мен әкім кеңесшісі Аңсарбек Советұлы жастармен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады.
Атап айтқанда, аптаның әр күнінде белгілі бір бағыттағы күн ұйымдастыру, түрлі үйірмелер өткізу сынды ұсыныстар қаралды.
Шаһардағы түрлі жастар ұйымы мен бірлестіктерінің көшбасшылары қатысқан жиында бір жарымда сағатқа созылған пікірлесу өтіп, жылдық жоспар дайындалатын болды.
Әр жастар ұйымы, бірлестігі көшбасшылары қала жастарын қолдайтын түрлі ұсыныс, жобасын дайындап, ішінен үздігі боп табылған ұсыныстар жылдық жобаға енгізілетіні айтылды.