ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЫЛЫТУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА АУЫСТЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЫЛЫТУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА АУЫСТЫ
Түркістанда «Жылу» МКК-ның нысандары бойынша баспасөз туры өтті.
Жиынды өткізудің мақсаты тұтынушыларды тарифке салынған қаражат не үшін бағытталатыны, салынған қаражаттан қандай оң нәтижелерге қол жеткізілетінінен хабардар ету.
Баспасөз турына мемлекеттік органдар, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында «Жылу» МКК-ның директоры Рысбеков Ерғазының атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлары туралы баяндамасы тыңдалды.
Баяндамаға сәйкес, шаһардағы орталық жылыту қазандығы 2020 жылдан бастап газбен жұмыс істейді. Орнатылған жылу қуаты-38,9 Гкал/сағ. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 26,8 км құрайды.
Қазіргі таңда аталған қазандықтың барлық жағдайы тексеріліп, қала аумағындағы жылу құбырларының сапалары толық тексерілуде.