ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНА КЕДЕРГІ КЕЛТІРГЕНДЕР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНА КЕДЕРГІ КЕЛТІРГЕНДЕР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ
Түркістан қаласы әкімдігі "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" басшысы Арман Оспан мен Түркістан қаласы полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімі қызметкерлері кезекті жол бақылау рейдтік шарасын өткізді.
Шара барысында Тараз көшесі мен Алаша Байтақ Жырау көшесінде және оған іргелес жатқан асфальтті жолға зақым келгені анықталды.
Мердігер мекеме ауыз су жүйесін жүргізу үшін 4 метр тереңдікте қазба жүргізген. Салдарынан қала ішінде қатынас жасайтын қоғамдық көліктердің жолы жабылған.
Рейдтік аралау барысында Түркістан қаласы полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімі қызметкерлері мердігерге 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салып, жолды қайта қалпына келтіруге 1 күн мерзім белгіледі.
Аталған рейдтік шара күнделікті жүргізіледі.