ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТАҒЫ БІР САЯБАҚ САЛЫНДЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТАҒЫ БІР САЯБАҚ САЛЫНДЫ
Түркістан қаласының облыс орталығы болғалы түлеп, түрленуі ең алдымен елбасының шаһарға назар аударуымен жүзеге асуда.
Қазірде қалада түрлі құрылыс нысандары, орталықтар, саябақтар бой көтеріп, қолданысқа берілуде.
Солардың бірі - «Тұңғыш президент саябағы».
Жалпы аумағы-38 гектар, жер көлемі-9 гектар, ал жасыл желекті аймағы 24,7 гектарға созылған.
Гүлзары 3500 м2-ді құрайтын саябақта 4 аллея, сатылы және жабық фонтандар, 7 балалар ойын алаңы бар. Сонымен қатар, 3 мұнара, 50 пергола, 10 әткеншекті пергола мен Ұлы Даланың жеті қыры мүсінделген су кешені орналасқан.
Аймағында 7318 дана ағаш, 3964 дана тал және 43 560 дана гүл егілген саябақ келушілерге қолайлы жағдай жасалған бірегей демалыс аймағына айналмақ.